04.06.2014
Ұрпақ сабақтастығы айқын көрініс тапқан саябақтың салтанатты ашылу рәсімі «Уақыт өзені» деген атауға ие, деп ұйымдастыру комитетінің медиа – штабында хабарлады.
Жаңа астаналық саябақ - жаңарған архитектурамен үйлесім тапқан арт-элементтермен өрнектелген жаңа құрылым. Саябақта қызықты әрі заманауи технологиялық архитектура арқасында қолөнер шеберлері көрмесі, қазіргі заманғы суретшілердің түрлі арт-инсталляция мен арт-заттары қолайлы орналасады.
Саябақтың ашылу салтанаты өткен соң, 5-7 шілде күндері «Балалық шақ кемпірқосағы» ойын-сауық бағдарламасы іске қосылады. Бағдарлама аясында жанды мүсіндер келушілердің көңілін аулайтын болады. Сонымен бірге, отбасылық эстафета, ролик, скейтборд, велосипед тебу ойындары ұйымдастырылады.
Мерекенің көрігін бірегей «жасыл» кинокөрсетілім қыздырмақ. Қонақтар жүректерге жол тапқан қызықты фильмдерді тегін тамашалай алады. Алайда, киносеансқа келушілер бірден қызыққа еніп кетпей, тегін фильм көру үшін тер төгеді. Яғни кинопроектор мен аудиожүйені электр қуатымен қамтамасыз ету үшін дизельді генератор емес, көрермендердің проектор тепкісін айналдыруы нәтижесінде келушілердің дене күші пайдаланылады.