03.06.2014
«Алматы кәсіпкерлері, жалпы еліміз бойынша кәсіпкерлер санының 30 пайызын құрайды. Ал олардан түсетін салықтық түсімдер қала бюджетінің 65 пайызына жетеді. Сондықтан да Алматыда салалық және аймақтық қауымдастықтардың басым бөлігі шоғырландырылған. Алғашқы күннен бастап, Өңірлік палата барлық консультативтік органдардың жүмыстарына қатысып келеді. Бұл жерде әсіресе прокуратура, қаржы полициясы, кедендік комитет, техникалық реттеу және әрине қалалық Іскерлік кеңесті ерекше атап өткім келеді. Күні бүгінге дейін Палата 47 дөңгелек үстел мен кездесулер өткізді. Кәсіпкерлер арасында 4 тегін семинар өткізілді». – деді Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасының басшысы .Ерлан Стамбеков.
Сонымен қатар, оның айтуынша, кәсіперлік субъектілердің 100-ден астам арыз-өтініштері қаралды. Мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды.
Бизнес форум өз жұмысын күннің ортасына дейін жалғастырмақ.