• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2014 жылы ШОБ тексерісі 4 есеге азайды – Бас прокуратура 03.06.2014

«Соңғы жылдардағы қарқын өткізілетін тексерістердің санын азайту үдерісіндегі оң өзгерістерді байқатады. Бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне қызмет етіп жатқаны анық. 2013 жылы орташа есеппен ай сайын 36 мың тексеріске дейін жүргізілсе, қазіргі таңда бұл көрсеткіш айына шамамен 9 мыңға дейін азайған», - дейді С.Айтпаева.

Оның айтуынша, жүргізілетін тексерістердің негізінен санитарлы-эпидемиологиялық органдар (33%) мен төтенше жағдайлар органдарына (10%) тиесілі.

«Әлеуметтік сала нысандарына келер болсақ, 2013 жылы тіркелген жалпы тексерістердің 19 пайызы осы салаға қатысты, биылғы жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 38% құрайды. Бұл жерде тіркелген тексерістердің шамамен 40%-ы тұтынушылар құқын қорғау органдарына және 23% төтенше  жағдай органдарына тиесілі», - дейді ол.

С.Айтпаеваның сөзіне сүйенсек, негізінен ең көп тексеріске арқау болатыны ҚР «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тексеру мен бақылау туралы» Заңы екен. Аталмыш заң бойынша жоғарыда аталған органдар тарапынан 53 811 тексеріс тіркелген. 

Камила Амирова 


Back to the list