• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ. Бозымбаев: Павлодарда  ауыл шаруашылығы өнімдерін саудалайтын базар салу жоспарлануда 03.06.2014

Жұмыс сапары барысында аймақ басшысы Бірлік ауылдық округіндегі «Арман» шаруа қожалығы жұмысымен танысты. Екінші жыл қатарынан шаруашылық асыл тұқымды мал өсіру мемлекеттік бағдарламасына қатысуда. Осы бағдарлама аясында асыл тұқымды ірі қара сатып алуға мемлекеттен субсидия бөледі.  «Арман» ШҚ басшысы ет, қымызды Екібастұз, Павлодар мен Қарағанды қалаларында сатып өткізеді. Алайда, етті үлкен шаһарларға тасымалдап жеткізудің шығыны көп екені айтылды.

Сонымен қатар, облыс әкімі ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесті, деп Павлодар облысының әкімдігінде хабарлады.

«Біз Павлодар қаласында ауыл шаруашылығы өнімдері саудалайтын үлкен базар салуды жоспарлап отырмыз. Барлық санитарлық талаптарға сәйкес келетін, жабық сауда орны болады. Осы базардан біздің фермерлер бутиктер алып, өздері делдалсыз ет, сүт, қымыз және тағы басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сатуға мүмкіндіктері болады», - деп атап өтті Қ. Бозымбаев.


Back to the list