02.06.2014
Соттар пилоттық жоба шеңберінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде, дәлірек, сот ғимараттарында сот медиациясын қолдану механизмі жөніндегі ақпараттық стендтер орналастырылған, деп Жоғарғы соттың баспасөз қызметінде хабарлады.
Облыстық соттардың интернет-ресурстарында сот медиациясын енгізу жөніндегі пилоттық жобаның іске асырылуы туралы ақпарат жарияланған.
Облыстық және оған теңестірілген соттар судья-медиаторлардың тізімдерін бекітіп, судьялар үшін сот медиациясын жүзеге асыру мәселелері бойынша оқу семинарлары мен дөңгелек үстелдер өткізуде. Сот медиациясын қолдану мәселелері аймақтарда БАҚ пен телеарналада қызу талқылануда.
Нақты сот практикасы қалыптастырылуда.