30.05.2014
«Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» жыл сайынғы көшпелілер өркениеті фестивалі әдеттегідей дуалды қала формасында емес, жәрмеңкеге арналған шатырлы кешен ретінде ерекшеленбек.
Сахна дәстүрлі түрде өзенге құрылады, ал оның сыртқы көрінісі шығыс сарайын еске түсіретін болады. «Астана-арқау» түркі музыкасы фестивалі бірқатар елдердің аспапшылары мен әншілерінің басын қосады. Фестивальға Қазақстан, Әзірбайжан, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Алтай, Тыва, Татарстан, Башқұртстан, Хакасия, Дағыстан елдерінің музыканттары қатысады.
Эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін шараларға тоқталсақ, «Сарырақа» республикалық велотрегінің сахнасында биыл «The Jigits», «Пицца», Blue топтары, Ғалымжан Молданазаров, Кайрат Нұртас, Полина Гагарина және аты әзірге құпия әлем жұлдызы өнер көрсетеді. Роза Рымбаева, Юрий Антонов және «Дос мұқасан» тобы мен «Жетіген» ретро концертке қатысады.
Қала күніне арналған мерекелік шаралар билеттері сатылымынан түскен қаржы әдеттегідей мүгедек балалардың еміне жұмсалады.