30.05.2014
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Қызылорда қаласының инфрақұрылымын дамытуға 17 миллиард теңге қаржы бөлінді.
Жуық арада, «Қорқыт Ата» әуежайында халықаралық талаптарға сай терминалдың құрылысы басталады.
Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде елді мекендерінің әлеуеті жеткілікті екендігін атап өттіп, осы елді мекендерде азық-түлік белдеулерін ұйымдастыру қажеттігін айтты.
Сондай-ақ, облыс орталығында өңірлік және республикалық индустрияландыру картасында 23 млрд. теңгенің 8 инвестициялық жобасы іске асырылуда.