26.05.2014
«Ұлттық қордан бөлінетін қаржы өсу негізінде бөлінуде. Бөлінген қаржының негізгі мақсаты – экономикалық дамудағы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыруға бағытталады.Ол үрдісті құрайтын негізгі бөлім жобаларды қаржыландыруға қоятын қойылымдар», - деді ол.
А.Достияровтың айтуынша, мемлекеттік агент арқылы Ұлттық қордан бөлінетін қаражат Үкіметтің шартты үстеме негізіндегі қайтарма қаражатты бөлуге жағдай жасайды.
«Біз өз кезегімізде екінші деңгейлі банктердің несиелік тәуекелін қабылдаймыз. Осы арқылы нақты экономикадағы ақырғы қарыз алушыға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осындай банктердің несиелік тәуекеліне тиісті айырма орнатамыз», - дейді ол.
«Егер қаражат екінші деңгейлі банктерге тікелей аударылғанда, осы қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету үшін Ұлттық қор да тәуекелге барар еді. Онда Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың үстемесіне шарттар да өзгеше болар еді», - дейді ол.
Камила Амирова