26.05.2014
«Банк портфеліндегі жұмыс істемейтін несиелердің үлесі 2013 жылдық көрсеткіш бойынша 40 пайыздан асып кеткен еді. 2013 жылы өткен «Қазақстанның инвестициялық қорымен» бекітілген келісім қажеті жоқ активтерді 3 есеге қысқартты, яғни бүгінгі таңда оның үлесін 13 пайызға жеткізді», - деді ол.
Оның айтуынша, Даму банкі үшін бұл серпін беріп, одан әрі дамуға үлкен септігін тигізді.
Сондай-ақ, ол бүгіннің өзінде банк несиелік тәртіпті оңтайландыруды жалғастырып жатқанын айтты.
«2014 жылдың басынан бастап, Мемлекет басшысының әкімшілік кедергілерді жою тапсырмасын орындау мақсатында бірінші кезектегі құжаттарды жинау 12-ден 18-ге дейін қысқарды. Атап айтсақ, осы деңгейде несиелік тарих пен көп құжаттың қажеті жоқ. Несиені қарау уақыты 40 пайызға қысқартылды», - деді А. Достияров.
Мадина Нұрбекова