26.05.2014
«Бұл механизм ҚР Ішкі істер министрлігімен белсенді түрде талқыланып, іске асырылды. Бүгінгі күні барлық мәселелер реттелді және ХҚКО-дағы көші-қон полициясының қызметкерлері тұрғындардан жаңа куәлік немесе паспорт рәсімдеу үшін құжат қабылдауды бастады», - деді ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспанов.
Сондай-ақ, Агенттіктің тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді де тіркелген жері немесе тұрғылықты жеріне байланыстырмай-ақ,
Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді аты-тегін ауыстырған, құжат бүлінген, паспортты жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп кеткен және т.б. жағдайларда тұрғылықты және тіркелген мекенжайына қатыссыз, кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жағдайда жаңа құжат азаматтың тіркелген мекенжайы бойынша ғана беріледі.