• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада шетелдіктерді тіркеудің жаңа жүйесі таныстырылды 26.05.2014

Қазіргі таңда заңнамаға сәйкес шетелдіктер елге кіргеннен кейін 5 тәулік ішінде көші-қон полициясына тіркелуге міндетті. Бұл туристер үшін де, өзге қонақтар үшін де белгілі бір жайсыздықтар туғызады. Бірінші кезекте бұл ішкі істер органдары жұмысының кестесіне, жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері тіркеу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты, деп ІІМ-де хабарлады.

ҚҚМА басшылығымен бірқатар кездесулерден кейін ІІМ шетелдіктерді бірден қонақ үйлерде бірыңғай ақпараттық көші-қон жүйесіне тіркеу туралы шешім қабылдаған болатын.

Бірінші кезекте электронды тіркеу Әділет басқармасында тіркелген барлық 320 қонақүйлер қамтылатын болады. Содан кейін мұндай тәртіп шетел азаматтарын қабылдайтын басқа да қонақүйлер мен мекемелерге таралады.

«Мұндай тәртіп әсіресе өзекті, себебі Елбасының тапсырмасына сәйкес үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап Қазақстан экономикасына инвестиция құятын 10 елдің азаматтары Қазақстанға 15 тәулікке кейін визасыз кіруге дайындалып отыр. Болашақта визалық тәртіптің жеңілдеуі Экономикалық ынтымақтастық пен даму мекемелерінің 34 елдерін қамтып, сол елдердің азаматтары Қазақстанға жазғы маусымда кіруде визадан босатыладытн болады», - деп ведомствода хабарлады.

 


Back to the list