• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҰҚК Шекара қызметіне жаңа ұшақ  берілді 22.05.2014

Хабарламада көрсетілгендей, аталмыш ұшақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне  арнайы дайындалған. Ан-74Т-200А ұшағы 10 тоннаға дейін жүк тасымалдауға қауқарлы, жеке құрамдағы 67 адам мен медициналық әрекетте 40 науқасты тасымалдауға шамасы жетеді.

Харьков авиақұрастырушылары көптеген серіктестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатты. «Мойындалған және сенімді серіктестердің бірі ол –Қазақстан», - деп хабарламада нақтыланған.

Айта кетейік, 2013 жылдың 26 сәуірінде Астана Халықаралық әуежайында ҚР ІІМ Ішкі әскеріне салтанатты түрде Ан-74ТК-200 ұшағы берілді, ол Харьков ұшақ құрастырушыларымен дайындалған болатын.

Камила Амирова 


Back to the list