21.05.2014
Биылғы жылы жәрмеңке жұмысына Қазақстанның барлық өңірлері, облыс әкімдіктерінің туризм басқармасы, сонымен қатар туристік компаниялар, қонақ үй кешендері, демалыс-сауықтыру мекемелері мен білім беру саласының өкілдері қатысады.
Жәрмеңке аясында «Үздік көрме экспозициясы» мен «Үздік ақпараттық-жарнамалық пакет» номинациялары бойынша байқау өтеді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының туристік операторлары мен қонақ үй бизнесіне арналған тренингтер мен семинарлар өткізіледі.