• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Солтүстік Қазақстанның тауар айналымы 1,4%-ға артты - Ф.Қуанғанов 20.05.2014

«Соңғы кездері біз өңірімізде бақылап жүрген интеграциялық процестің экономиканы дамытуда игілігі жоғары. Ол СҚО бар әлеуетпен және өндірістің мамандандырылуымен түсіндіріледі. Нақты айтатын болсақ, өңірдің ауыл шаруашылығы, өндіріс, машинақұрылысы саласында  әлеуеті жоғары», - деп есептейді Ф.Қуанғанов.

Сонымен, облыстың тауар айналымы соңғы жылдары 1,4%-ға, оның ішінде Кедендік одаққа мүше елдердің арасында 1,5 артты. Ал, экспорт болса 3,5 өскен.

«Бүгінде экспорттың көлемі одан әрі өсе береді деген сенімде бар.  Қазірдің өзінде бидай экспорты 5 есе, ұн экспорты 47 есе көбейген. Жалпы, айтатын болсақ өсім өңдеу өнеркәсібі, көлік  салаларында да байқалуда», - деді ол.

Сонымен қатар, аймақ басшысының орынбасары, еңбек миграциясының бүгінгі жай-күйіменде бөлісті.

«Егер, миграциялық леп туралы айтатын болсақ, 2012 жылға дейін ол 60-65 мың адам дейгейінде болған. Алайда, ел аумағында тіркеусіз болу уақытының ұзартылуына байланысты тіркелгендер саны 4-5 есеге күрт азайып, жыл сайын 15 мың адам деңгейінде тұрақтады», -деп Ф. Қуанғанов ағынан жарылды.

Фархад Қуанғановтың айтуынша, Петропавл - Қорған учаскісіндегі жолды күрделі жөндеуден өткізу мақсатында инвестициялар көлемі артады деп күтілуде. Айта кетерлік жайт, Омбы облысындағы 60 шақырымға созылған теміржолды қалпына келтіру де жоспарлануда екен.

Камила Амирова

 


Back to the list