20.05.2014
Комбинат 15 түрлі өнімді шығарады. Айта кетерлік жайт,ол өнім түрлері жағынан өзі сияқты зауыттардың стандарттарына сәйкес, деп ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.
Жаңадан бой көтерген кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен ШҚО әкімі танысты. Ал, шемонаихиналық шаруалар аймақ басшысымен болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.
Бүгінде ШҚО ауыл шаруашылығы фермерлері мал азығын сырттан алдыртуға мәжбүр. Сондықтан да аталмыш инвестициялық жобаны жүзеге асыруда көптеген агроөндірістік кешендер мен шаруақожалықтар қызығушылық танытты. Комбинат толығымен қуаттылығына көшкенде сағатына 25 тонна, тәулегіне 600 тонна және айына 18 000 тонна бидайды өңдейтін болады.
Б. Сапарбаевтың айтуынша, өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттілік болып табылады. Себебі, отандық мал азығы шетелдіктерден 30%-ға арзан.