20.05.2014
«2011 жылы АЭА туралы заң қабылданған болатын. Ол бізге қазақстандық АЭА дамытуда үлкен серпіліс берді. Бүгінгі таңда АЭА аумағында барлығы 83 жоба жүзеге асырылса, 68 бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілуде. Айта кетерлік жайт, 6 мың жаңа жұмыс орны ашылып, 300 млрд. теңгенің өнімі өндірілді», -деп ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Ерлан Сағадиев атап өтті.
Сонымен қатар, министрлік «Джуронг» сингапурлық компанияның халықаралық деңгейдегі сарапшыларымен бірлесіп қазақстандық АЭА дамыту үшін пайдаланылмаған мүмкіндіктерге үлкен зерттеу жүргізді.
«Бүгінгі таңда біз өзіміздің жұмысымыздың бағытын, болашағын айқындап алдық. Жақында ғана осы мәселелерге қатысты Үкіметте үлкен талқылау өтіп, бірқатар макроэкономикалық шешімдер қабылданды. Біз жаңа заң жобасын жасақтауға кірісіп кеттік. Біздің пайымызша ол қолданыстағы АЭА туралы заңды өзгертеді», - деп Е. Сағадиев ағынан жарылды.
«Біз аталмыш заң жобасы халықаралық стандарттарды енгізуге және кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Осы мақсатта біз Дұниежүзілік банк пен Азия даму банкінің сарапшыларын тартамыз деп жоспарлаудамыз», - деді сөз соңында вице-министр.
Мадина Нұрбекова
Фото-Азамат Алиев