19.05.2014
«Мұнай химиясы бойынша бүгінде айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. 2017 жылға қарай біздегі полиэтилен, полипропилен, бензол, параксилол секілді негізгі өнімдер өзімізде өндіріле бастайды деп күтілуде. Соңғы екі өнім өндірісі 25014 жылдан бастап қолға алынбақ», - дейді.
Оның айтуынша, алдағы уақытта мұнай химиясы өнімдерінің жаңа түрлерін шығара отырып өңдеу деңгейі мен тереңдігін көбейтуге мүмкіндік тумақ.
М.Мағзұмовтың айтуынша, қазіргі таңда үш қазақстандық МӨЗ жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Жаңғырту жұмыстарының аяқталуымен 2016 жылы біз өз нарығымызды еуро-4 және еуро-5 өнімдерін толықтай қамтамасыз ете аламыз. Осы орайда технологиялық өңдеу деңгейі бойынша біз дамыған мемлекеттермен теңесеміз», - дейді вице-министр.