19.05.2014
«Қытайлық тараппен үкіметаралық келісімдер аясында тұңғыш рет Қазақстанда сұйытылған газ өндіретін зауыттың құрылысын жүргізу ұсынылды. Зауыттың жылына 100 млн текше метрін тұрғызу жоспарланған. ТЭН (техникалы-экономикалық негіз) жұмыстары басталып кетті, құрылысты 2016 жылы аяқтау көзделген», - деді М. Мырзағалиев.
Сондай-ақ, Қазақстанда табиғи газдан жанармай, дизель өндіру технологияларын енгізу де қарастырылып жатыр.
«Ағымдағы жылдың 7 наурызында министрлік пен ұлыбританиялық компания арасында аталмыш ақпараттық технологияларды енгізу бойынша меморандумға қол қойылды. Бүгінде бұл жұмыс жалғасын табуда, қазір зауытты орналастыру аймағы таңдалуда», - деді ол.
Мадина Нұрбекова