• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«ҚазАгро»  көктемгі егістік жұмыстарын  қаржыландыруды  2 млрд  теңгеге  көбейтті 19.05.2014

Несиелік қаражатқа үлкен сұраныстың болуына байланысты, көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстарын несиелеу бойынша «Егінжай» бағдарламасының қаржыландыру сомасы 1 млрд. 660 млн. теңгеден 1 млрд. 938 млн. теңгеге дейін үлкейтілді.

Бұл бағдарламаны Қор өз қаржысына жүзеге асыруда. Несиелер шағын жер телімдері бар фермерлік шаруашылықтар, шаруа қожлықтарын қолдауға бағытталған.

«Осы жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының облыстық филиалдары «Егінжай» бағдарламасы бойынша қарыз алушылардан 1 млрд. 619 млн. теңгеге 451 өтініш қабылдап, 1 млрд. 233 млн. теңгеге 339 өтінішті қаржыландырды, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев. -  Сонымен қатар, шағын несие ұйымдарын қаржыландыру аясында «Ырыс» шағын несие ұйымы» ЖШС-не 500 млн. теңге бөлінді. Бұл ұйым Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласындағы мақта өсіруімен айналысатын 526 қарыз алушыны қаржыландырады. Олардың ішінде 396,6 млн. теңгеге 398 жоба бүгінгі таңда несиелендірді. Бөлінген қаржы 12 мың гектар жерге мақта егісін ұйымдастыруға көмектеседі», - деді «Ауыл қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев.

Жалпы осы жылдың көктемгі-егіс жұмыстарын қолдауға «ҚазАгро» Ұлттық холдингі компаниялар тобы 61,2 млрд.теңге бағыттауды көздеп отыр, оның 40 млрд.теңгесі - бюджеттік несие.

Сарапшылардың бағалауы бойынша холдингтен егін науқанына бөлінген  қаражат 6,2 млн.га жерде агротехникалық шараларды өткізуге мүмкіндік береді.


Back to the list