19.05.2014
«Ағымдағы жылдың 15 мамырында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі («ҚазАгро») бұрында 2 млрд. АҚШ доллары сомасына тіркелген Облигация Шығару Бағдарламасын қолданып 3,255% жылдық мөлшерлемесі бойынша 5 жылдық мерзімге 600 млн.еуро сомасына еурооблигация шығарылымын орналастыруды жүзеге асырды. Аталған орналастыру ҚазАгроның халықаралық капитал нарығына екінші шығарылым болды, және 2007 жылдан бері Қазақстаннан еурода алғашқы шығарылым», - делінген хабарламада.
Алғашқы шағырылым 2013 жылғы мамырда мерзімі 10 жылға, жылдық 4,625% ставка бойынша сомасы 1 млрд. АҚШ долларына еурооблигация шығарылымын дебютті орналастырған
«Біз Холдингтің еурооблигацияларының кезекті орналастыру жұмысының аяқталуына қанағатпыз. Әлемдік капитал нарығындағы тұрақты жағдайында және ҚазАгроның қысқа мерзімде дайындық жұмыстарының жүргізілуі өзінің қарыз қоржынында валютаны диверсификациялау үшін еурода орта мерзімді қаражатты тартуға мүмкіндік берді және Қазақстан тарихында барынша төмен ставка бойынша бірқатар қаржы ресурстарын тартты. Орналастырудан түскен қаражат «Агробизнес-2020» 2013-2020 жылдары Агроөнеркәсіптік даму бағдарламасы шеңберінде мемлекетпен мақұлданған ұзақ мерзімді басым жобаларды іске асыруға жұмсалатын болады», - деді «ҚазАгро» Басқарма Төрағасы Дулат Айтжанов.
12 мамырдан 14-не дейін ҚазАгроның негізгі халықаралық институционалды инвесторлармен Франкфуртте, Мюнхенде, Лондонда, Амстердамда және Парижде бірқатар кездесулері өтті.
Өткізілген кездесулер қорытындылары бойынша шығарылымға өтінімдердің ақырғы кітабы 240 халықаралық инвесторлардан 2,7 млрд.еуродан астам соманы құрады, олардың көп бөлігі Қазақстанның аграрлық саласына алғашқы рет инвестициялады, бұл Холдингтің инвестициялық қорын айтарлықтай кеңейтіп және халықаралық инвесторлардың Қазақстанның ауыл шаруашылық кешенінің тартымдылығы туралы хабардарлық деңгейін арттыра түсті.
Бұл 2007 жылғы дағдарыстан бастап Қазақстандық эмитенттер ішіндегі және 2014 жылдың ақпанынан ТМД елдерінің арасында еурода халықаралық облигация шығарылымында алғашқы шығарылым болды.