18.05.2014
Көктемгі егіс алқабы өткен жылдағыдай 19 млн га деңгейінде қалады, деп ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінен хабарлады.
Оның ішінде бидай - 15,9 млн га, майлы дақылдар 2 млн га, көкеніс - бақша дақылдары мен картоп - 410 тыс га, мал азығы дақылдары - 3,4 млн га жерге егіледі.
Қазіргі таңда барлық аймақтар көктемгі егін егу жұмыстарына кірісіп кеткен, деп ведомстводан хабарлады. Осы ретте солтүстік өңірлерде жер жырту жұмыстары жүргізіліп жатса, басқа жерлерде ауылшаруашылығы дақылдары егілуде.