18.05.2014
Аталған іс-шараны ҚР Жоғарғы Соты Құқық арқылы демократияға Еуропалық комиссиясымен, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығымен бірлесіп ұйымдастырды, деп Жоғарғы соттың реси сайты хабарлады.
Іс-шараға ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрағасы Б.Бекназаров, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Ә.Байменов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқықтық бөлімнің меңгерушісі Ә.Рақышева, Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың судьялары, ҚР Парламенті депутаттары, Адвокаттар одағының президенті Ә.Түгел, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының басшысы Н.Зарудна, Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократияға Еуропалық комиссиясының мүшелері, судьялардың біліктілігін арттыру жөніндегі қазақстандық және шетелдік институттар басшылары, халықаралық және отандық сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы және шетелдегі судьяларды іріктеу тәжірибесі, судьялыққа үміткерлерді іріктеу критерийлерін жетілдіру, судья кадрларды даярлаудағы мамандандырылған магистратураның рөлі және т.б. мәселелерді қарастырып, осы тақырып шеңберінде өзара тиімді пікір алмасты.
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми өз сөзінде «Судьялыққа үміткерлерді іріктеудің критерийлері мен рәсімдері, сондай-ақ олардың мансаптық өсуі заңды және әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге бағытталған тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуы үшін аса маңызды болып табылады» деп атап өтті.
Судья кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін жаңғырту, еліміздегі сот корпусының кәсібилігін арттыру 2013 жылғы 20 қарашада өткен ҚР Судьяларының VI съезінде Мемлекет басшысының сот жүйесін одан әрі дамыту жөнінде тапсырған міндеттерінің бірі болып табылады.
Жиын соңында судьялық корпустың кадрлық әлеуетін жақсарту жөніндегі шетелдік және отандық тәжірибенің негізінде ұсынымдар қабылданды.