• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚДБ несиелік үлесті 70 пайызға жеткізуі  тиіс - Қ. Бішімбаев 17.05.2014

«Біз жақын арада шағын және орта бизнестің үлесі көбейеді деп үміттенеміз. ШОБ пен өнеркәсіптік саланы қолдау бойынша Стратегия аясында толық кешен дайындау  жоспарлануда», - деді Қ. Бішімбаев.

Осыған дейін Қазақстанда инвестициялық субсидия енетіндігі туралы айтылды, ол инвесторлардың ел қазынасына салған қаржысының 30 пайызының қайтарып берілуі.

«Енді «Даму» қоры арқылы өңдеуші өнеркәсіпті қолдау, бірінші кезекте кластерлерді қолдау  жоспарланып отыр. Соның ішінде он төрт басым сала айқындалып, оны Стратегия арқылы қолдау қарастырылады. Соның ішінде тағы сегізін қазіргі таңда несиелендіріп отырмыз», -деді ол.

 «Біздің тараптан қаржыландырудың негізгі механизмі: Даму банкі арқылы несие ресурстарын ұсыну. Біз қазір аталмыш Страитегияны жақсылап зерделеп, Банктің пайдаланып отырған әдістерін қараймыз. Банктер алдына несиелік активтік ресурстарды жетпіс пайызға дейін арттыру тапсырмасын қойып отырмыз. Енді осы қарқыннан айнымауымыз керек»,- дейді Бішімбаев. 

Мадина Нұрбекова


Back to the list