17.05.2014
С.Ахметов «Ауыр машина жасау Петропавл зауыты», «С.М.Киров атындағы зауытта» және «Мұнаймаш» зауытына барып, кәсіпорындарындардың өндірістік-технологиялық мүмкіндіктерімен, шығарылатын өнімдер желілерімен танысты, деп Қорғаныс министрлігінде хабарлады.
С.Ахметов ҚР Қарулы Күштерін одан әрі жетілдіру және қайта қару-жарақтандыруда, армияның жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеті мәселелерін шешуде қорғаныс-өнеркәсіп кешендерін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.