• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақмола облысында «БЖК-2020» бағдарламасын жүзеге  асыру үшін  2,5 млрд теңге бөлінді 16.05.2014

Қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 246 жоба мақұлданды. Соның ішінде 185 жобаға пайыздық үстемені субсидиялау үшін жалпы құны 39,6 млрд теңге болатын несие берілмек.

Айта кету керек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Ақмола облысында шамамен 4 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылмақ.  

Қазіргі таңда қаржылық емес қолдау шаралары 5,6 мың адамға көрсетілсе, шамамен 8,3 мыңдай қызмет көрсетілген.

«Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 4,2 мың адам курс өтсе, «Іскерлік байланыс» жобасы арқылы 114 адам білімін толықтырған.

Айта кету керек, 2010-2013 жылдары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру үшін мемлекет тарапынан Ақмола облысына 3,1 млрд теңгедей қаржы салынған. Биыл бағдарламаны іске асыру үшін тағы 2,5 млрд теңге бөлінді. 


Back to the list