• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада аймақтық дамуды жетілдіру мәселелері талқыланды 15.05.2014

Шараны аша отырып өңірлік даму министрі Болат Жәмішев министрліктің ЕО-мен бірлескен жобасының өңірлік даму саласындағы ҚР Үкіметі саясатын енгізудің заңнамалық, стратегиялық және институцияналдық мәселелерін қамтитын техникалық көмек жобасы болып табылады, деп атап өтті.

«Бүгінгі конференция - ол тәжірибелер біріктіріліп, олардың нәтижелерімен қатысушылармен бөлісетін бағдарламаның бірегей буыны», - деп министр толықтырды.

Оның үстіне, ведомство басшысы атап өткендей, конференцияға қатысушылар Қазақстан аймақтарының дамуын негізгі үш бағытқа бөлді. Олар: микро бизнес пен стартапты дамыту, арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарды дамыту, шағын және моноқалаларды дамыту, орталық және аймақтық мемлекеттік билік органдарының өзара қатынасы мәселелері.

Осылайша, конференция қатысушылары мен сарапшылар қордаланған мәселелерді, үздік әлемдік және қазақстандық тәжірибені талқылап, Қазақстанның аймақтарын дамыту бойынша ұсыныстарын жасақтады.

Конференция аясында  2015  жылға арналған моноқалаларды абаттандыру бойынша үздік эскиздік жоба таңдалды.


Back to the list