• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Атырауда  ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақтандыру қорын құруға 400 млн теңге бөлінген 15.05.2014

«Былтырғы жылдағыдай ауыл шаруашылығы өнімдері тұрақтандыру қорына фьючерлік келісім-шарт бойынша алынады. Қыс уақытына дейін өнімдерді сақтайтын қоймаға жалпы 5,5 мың тонна көкөніс пен картоп сақталуға жіберіледі», - деді Атырау «Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» басшысы Абат Тасимов.

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, жалпы жергілікті шаруашылықтардан 4 мың тонна картоп, 1 мың тонна пияз, 300 тонна сәбіз, 200 тонна капуста және 50 тонна қызылша сатып алынбақ.

Айта кетейік, Атырау облысындағы азық түлікті тұрақтандыру қоры құрылғалы жергілікті атқарушы билік органдары қыс уақытында картоп және көкөніс өнімдері бағаларынының күрт өсуіне жол бермеуде.


Back to the list