• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада 3 жылыжай мен 6 көкөніс қоймасы салынуда 13.05.2014

Қала әкімдігінде хабарлағандай, 2012 жылы Астанада 2,5 мың тонна өнім өндіретін 2 жылыжай мен 15 мың тонна көкөніс сақтайтын 3 көкөніс қоймасы іске қосылды. Бүгінде  3 жылыжай мен 6 көкөніс қоймасының құрылысы жүруде.

«Бұл нысандарды іске қосудың қажеттілігі олардың сиымдылығында. Кейбір көкөніс қоймалары 2016-2017 жылдарда кезең-кезеңімен жүзеге асады. Алайда, құрылыс жүріп жатқан нысандарды 2015 жылдың ортасында тапсыру жоспарланған», - деп Астана қаласы әкімі аппаратының  баспасөз қызметінде хабарлады.

Айта кетейік, 2011 жылдан бастап Астанада азық-түлік белдеуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары жүзеге асуда. Жоспар 7 бағыттан тұрады, оның ішінде өңдеу кәсіпкерлігін қолдау, жаңа жобаларды жүзеге асыру, баға мониторингі, тұрақталған қордың жұмысы, санитарлық-ветеринарлық қордың қауіпсіздігі. Жоспар аясында әрекеттегі өңдеу кәсіпорындарына қолдау көрсетеді. 


Back to the list