• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ұлттық банк қазақстандық банктердің Ресей банктері үлескерлерімен бәсекелестігін болжады (Брифинг бейнебаяны) 13.05.2014

«Біз қазір негізгі екі-үш банктің, атап айтар болсақ, Халық банк, БТА мен Қазком банктерінің жағдайын нақты айтып бере аламыз. Сонымен қатар, Альянс, Темір, мүмкін Форте банкінің бірігуі жайлы жоспар жарияладық. Жалпы, біз бірлестіру тенденциясын байқап отырмыз, нарық бірігуде», - дейді ол.

Сонымен қатар, ол жекелеген салалық жұмыстарда, соның ішінде ипотека, тұтыну несиелері, кепілдік және кепілдік емес несиелеуде нық орныққан 15-20 банк тобының қандай күйде болатынын айтты.

«Ресейлік банктердің үлескер ұйымдарымен барлық құрылым болып бәсекелесу күтіп тұр. Өздеріңіз де білесіздер, Сбербанк өте жоғары беделге ие және Альфа мен ВТБ-лар да оңай банктер емес. Бізде қазір 38 екінші деңгейлі банк бар екенін ескерсек, олардың екінші жиырма жылдықтағы жағдайлары былай болады: біз капиталға деген талапты күшейтеміз. Бұл бәрінен бұрын халық депозитін тарту лицензиясында көрініс табатын болады», - деді ол. 

Мадина Нұрбекова 

 


Back to the list