13.05.2014
Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік-экономикалық маңызы бар жобаларды жетелеу мен мониторингілеу мақсатында құрылған комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Жұмысшы комиссия құрамына Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының Кеңес мүшелері, Палата басшылары, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, индустриалық - иновациялық даму басқармасы, ауылшаруашылық басқармасы, «Даму» қоры, «Байқоныр» ӘКК және «КазАгроҚаржы» еншілес мекемелерінің басшылары енгізілді.
Өңдеу саласында жаңа және жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың дамуы - қолайлы жағдайлар мен аталмыш жобаларды тиісті мамандар көмегімен жетеленуіне мұқтаж. Осындай қажеттіліктен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жанынан комиссия құрылды, деп Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасында хабарлады.
Осыған орай инвестициялық жобаларды қарау мақсатында тұрақты жұмысшы топтың бірінші отырысында «Жылына 6000 тонна ет шығаратын құс зауытының құрылысы» жобасы мен «Байқоңыр» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы «Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Байқоныр» ҰК бірлескен шағын маркет ашу» жобасы қаралды.
Аталған жобалардың барлығы жұмысшы топ мүшелері тарапынан толықтай қолдау тапты.