• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада прокуратура органдарының жас мамандарына арналған курстар өтуде 12.05.2014

Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Құқық қорғау органдарының құқықтық саясаты тұжырымдамасын жүзеге шеңберінде қадағалау органдарының алдына қойылған басты міндеттердің бірі тиімді кадрлық әлеуетті қалыптастыру және нығайту болып табылады, деп Бас прокуратурада хабарлады.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің өкілдері, еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жетекшілері, прокуратура органдарының ардагерлері жас мамандарға жылы лебіздерін білдірді.Сондықтан жас мамандарды даярлау және олардың кәсіби қалыптасу мәселелері ерекше маңыздылыққа ие болады.

Жас прокурорларға арнап сөз сөйлей отырып, А.Дауылбаев оларға әрдайым қойылатын талаптарға жоғары деңгейде сәйкес келуге, өздерінің қызметтік міндеттерін ойдағыдай орындауға, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің күзетінде болуға, күнделікті еңбекпен прокуратураның беделін нығайтуға, прокурорлық этиканың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, прокурорлық кәсіптің керемет дәстүрлерін көбейтуге шақырды.


Back to the list