• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанға алкоголь өнімдерін  әкелуге уақытша шектеу қойылады – Ә.Әлімбетова 12.05.2014

«Бүгінде бізде Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің тарапынан енгізілген бірқатар тыйымдар бар. Қазіргі таңда ет өнімдеріне қатысты тыйым салынды. Бұл бірінші кезекте Австралиядан әкелінетін сиыр етіне қатысты. Өйткені ол біздің санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай келмеді және оның құрамында адам денсаулығына қауіпті препараттар көп. Атап айтар болсақ, ол Тренболон ацетат. Бұл өсім гармоны, тек осы үшін ғана аталмыш ет өнімдерін елге әкелуге тыйым салынып отыр», - дейді Ә. Әлімбетова.

Оның айтуынша, 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі ресми түрде Қазақстан Республикасы аумағына алкоголь өнімдерін тасымалдау мен іске асыруды уақытша шектеу енгізіледі.  

«Бұл біздегі жұмыс істеп тұрған 22 техникалық реттеуге байланысты. Олар бір жылдай жұмыс істеп тұр. Осы уақыт аралығында өтпелі кезең болып, аталмыш техникалық реттеуге сай келмейтін өнімдер айналымнан шығарылатын болады және тасымалдауға тыйым салынады. Бұл барлық алкоголь өнімдеріне байланысты», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шектеу 2014 жылдың 11 мамырындағы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысымен енгізілген. 

Мадина Нұрбекова


Back to the list