12.05.2014
Қалада балаларды қорғау күні «Ақкөл – бақытты балалар қаласы» ұранымен өтеді, деп хабарлайды қор. Көпшілік шара үш алаңда бір уақытта өткізіледі. Мерекенің басты алаңы орталық стадион болмақ. Онда сахна, көптеген интерактивті алаңдар, ойындар мен қайырымдылық аукциондары өткізіліп, «ізгі істер тақтасы» орнатылады.
Жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер және әлеуметтік аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасылардың балалары, сонымен қатар 1 маусым күні босанған аналардың балалары арасында өткізілген байқау жеңімпаздары марапатталады.
Қалалық паркте балаларға сауықтыру бағдарламалары ұйымдастырылады. Алаңда балалардың салған суреттеріне байқау жарияланады.
Айта кету керек, мерекелік шараны өткізу ұйымына Қазақстанның әр өңірінен еріктілер қатысады.