• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Павлодарлық «Даму» филиалында  «Жас кәсіпкер мектебі»  ашылады 12.05.2014

«Жас кәсіпкер мектебі» жобасын іске асыру «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қарастырылған. Мектептің оқушылары ретінде 18-29 жас аралығындағы кез келген азамат тіркеле алады. Тренинг-семинар түріндегі оқыту мерзімі дайындық  пен бизнес  жоспарды қорғау уақытын қосқанда екі аптаны құрайды.

«ЖОО тәмамдағаннан кейін өз кәсібімді ашсам деймін. «Жас кәсіпкер мектебінен» алған білімім сол кезде пайдасын береді деп ойлаймын», - дейді студент Асқар Кәрімов.

Сонымен қата,  үздік деген 6 бизнес жоспар «Идеялар жәрмеңкесіне» қойылып, инвесторлар мен жетекшілерді тарту мақсатында қордың сайтына орналастырылады. 


Back to the list