• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбеде жаңа үлгідегі партиялық билеттер тапсырылды 11.05.2014

«Биылғы жылы біздің партиямыз 15 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде партия өз үнін танытып, жеңістер биігіне көтерілді, «Нұр Отан» жалпыұлттық сенімге ие болып, парламенттік көпшілік партиясына айналды. Партия мемлекет пен қазақстандықтардың мүддесіне қызмет ететінін іс жүзінде дәлелдеді, ол халықтар бірлігін нығайтуға үлес қосуда», - деді салтанатты жиында партияның Ақтөбе қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ахат Мырзалин.

Жаңа үлгідегі партия билеттері облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттарына, еңбек ардагерлеріне, мәдениет қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілерге тапсырылды.

Жаңа билетке ие болғандарды «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Дариға Байжанова, «Ақтөбеглавснаб» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Рашид Еналиев құттықтады.

Д. Байжанованың айтуынша, жаңа билеттің өзіндік ерекшеліктері бар, ол пластикалық карточка түрінде бірыңғай электронды базаға енгізіледі және партия мүшелерімен өзара байланысуға мүмкіндік береді.


Back to the list