11.05.2014
Қазақстандық «ЖилСтрой Индустрия» компаниясы мен кореялық «Seolim Trading» компаниялары екі жақты кездесу аясында «Daewoo» автобөлшектерін өндіру бойынша ортақ кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойды, деп ОҚО әкімдігінен хабарлады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен «Hyundai Materials» корпорациясы басшылығы арасында іскерлік кездесу өтті. Отырыс барысында екі жаққа бірде тиімді шарт негізінде Қазақстанда кореялық техниканы жинау мәселелерді талқыланды. Тараптар бұл тақырыпта келіссөздерді бір айда тәмәмдаймыз деп келісті. Сондықтан да «Hyundai» компаниясының өкілдері Оңтүстік Қазақстанға іс-сапармен келеді деп күтілуде.
Бұдан басқа, сапар аясында Қазақстаннан келген делегаттар үшін кәсіпорындарда кездесулер ұйымдастырылды. Солардың бірі «ЖилСтрой Индустрия» ЖШС мен «Daedong Industrial» компаниясы арасында өтті. Ол тракторлар және ауыл шаруашылығы техникасын өндірумен айналысады. Кездесу барысында тараптар бірлесіп ауыл шаруашылығы техникасын өндіру туралы меморандумға қол қойды.
2014 жылдың мамыр айының соңына қарай ОҚО Индустриалды аймағында зауыттың құрылысы жоспарланған. Ал, ағымдағы жылдың жаз айында облыстың жер учаскілерінде зауыт техникасын тәжірибеден өткізу көзделуде.