• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ҚР ҰКП  сарапшылары Павлодар облысындағы ауыл шарушылығы кәсіпорындарын аралады 11.05.2014

Ұлттық палатаның сарапшылары үш күн бойы Успен, Шарбақты, Ақтоғай, Лебяжи және Павлодар аудандарын аралады.  Әр ауданда кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді, деп palata.kz хабарлады.

Іс-сапар нәтижесі аудандардағы шағын шаруа қожалықтар да тұрақты дамып келе жатқанын  көрсетті. Алайда, кәсіпкерлердің айтуынша, шешімін таппай отырған мәселелерде баршылық. Олар көбіне субсидиялау, несиелеу, жанармай тапшылығы, әкімшілік кедергілер мәселелерімен байланысты.

ҰКП Агроөндірістік кешені хатшылығының жетекшісі Бауыржан Қасенов атап өткендей, бұл проблемалар Ұлттық палатаның бақылауына алынып,  оларды шешу бойынше шаралар кешені қабылданды.

«Мемлекет басшысы барлық аймақтарда мал шаруашылығы мен мал азығы өндірісін көтеруді тапсырған. Осы мақсатта Үкімет арнайы бағдарламаларды жасақтауда. Біз үшін маңыздысы осы мәселеде кәсіпкерлердің мүмкіндігінің ескерілуі. Сондықтан да біз өңірді аралап, кәсіпкерлерімен кездесуді жөн санадық. Айта кетерлік жайт, Павлодар облысы «Жайлау» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан пилоттық екі аймақтың бірі. Сапар аясында біз жақсы көрсеткіштерді көріп отырмыз.  Сонымен қатар, оның қорытындысы бойынша мал шаруашылығын кейбір бағыттарын дамыту бойынша өз ұсыныстырымызды әзірлеп Үкіметке жіберетін боламыз», - деп Б. Қасенов атап өтті.

Сондай-ақ, ҚР ҰКП Хатшылығының жетекшісі Бауыржан Касенов, кездесулер қорытындысы бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстыры мен шағымдары ҰКП басшылығына жеткізіледі, деп баса айтты.


Back to the list