• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда шамамен 1000 Ұлы Отан соғысы ардагері бар (ФОТО) 10.05.2014

«Біз Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері және Жеңіске өзіндік үлес қосқан жандарға шексіз алғыс айтамыз. Олардың ерліктері мен жанкештіліктері, үлкен еңбегі мен қажыр-қайтары бізге өнеге. Жыл сайын осы күні мыңдаған алматылықтар осы Мәңгілік алауға келіп соғыс жылдары қайтыс болған жауынгерлерді ұлықтайды. Қазіргі бейбіт күніміз үшін оларға алғыстарын білдіреді», - дейді әкім.

А.Есімовтың айтуынша, қалада 1033 Ұлы Отан соғысы жауынгері мен мүгедегі тіркелген. Сонымен қатар 1517 соғыста қайтыс болған жауынгерлердің жесірі мен 98 тұтқында болған жауынгер, 65 концлагер тұтқыны мен 20835 тыл еңбеккері бар.

Биыл Жеңіс күні қарсаңында Алматыда Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысы 150 мың теңге көлемінде материалдық көмек алды. Жеңістің 69 жылдығына орай 14 ардагер мен мүгедекке пәтер табысталды. Осылайша Алматыдағы барлық ардагер үймен қамтамасыз етілді.


Back to the list