• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елорданың азық-түлік белдеуі аясында Ақмола облысында 20 жоба жүзеге асады 06.05.2014

Астана аймағындағы азық-түлік белдеуі аясында 2014 жылы Ақмола облысында 20 жоба іске асырылады, оның құны 12,3 млрд теңге. Оның ішінде 237 млн теңгені құрайтын 2 жоба іске қосылды, ол 20 мың тонна сиымдылығындағы астық сақтау қоймасы мен 9 мың тонна астық сиятын элеватр кешені.

Басқармада атап өткендей, мал шаруашылығында ІҚМ  басының өсімі өткен жылғы көрсеткіште 106,8 пайызды құрады.

Сондай-ақ, облыста сүт өнімі 3,4 пайызға, ет салмағы 1,2 пайызға, 8,2 пайызға жұмыртқа өндірісі өсті.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда облыста 13,5 мың ірі мал басы сиятын  5 ірі қоректендіру алаңы жұмыс істейді. 


Back to the list