06.05.2014
Мерекелік шарада Ұлы Отан соғысының 75 ардагері кездесті, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
«Біз егемен Қазақстан елінде күн кешіп отырғанымыз үшін сіздердің алдарыңызда қарыздармыз. Сіздердің ерен еңбектеріңіз барлығының жадында жүреді. Жеңіс пен ол туралы естелік біздің жүрегімізде мәңгіге орнықсын», - деді Бердібек Сапарбаев.
Айта кетерлігі, 2014 жылы ҰОС ардагерлері үшін бірқатар сыйлықтар әзірленді. Олар: біркезекті 70 мың көлеміндегі жәрдемақы электр энергиясын 3 ай көлемінде тегін қолдану және әлеуметтік жеңілдіктер.