• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Алматыда «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша мүгедектерге арналған семинар өтті 06.05.2014

Аталмыш шараны өткізуге ниет білдіргендер Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» КҚҚ, деп Palata.kz. хабарлады.

Шараның негізгі мақсаты – мүгедектерге өз бизнесін ашуға қолдау көрсету, кәсіпкерлікпен айналысып, өз қызметін одан әрі дамыту.

«Бизнес-кеңесші» - кәсіпкерлік негізі жайлы тегін кеңес алу мүмкіндігі. Сондай-ақ, бұл бағдарламаға қатысушылар өз кәсібін дамытуға 3 млн теңге көлемінде қолдауға ие болады.

Семинарда психологиялық кәсіпкерлік тақырыбы бойынша кеңестер айтылды, оларға өз кәсібін құрудың негіздері, бизнес-жоспар әзірлеу мен нарық мүмкіндіктерін талдау үрдістері түсіндірілді.

Семинар қорытындысы бойынша, қатысушылар сертификаттарға ие болды. 


Back to the list