06.05.2014
ШҚО талдау және болжау институтының бастауыш партия ұйымы «Ардагерлерге мәңгілік тағзым!» акциясын өткізді, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.
Бүгінде Өскемен қаласында 300-ге жетер-жетпес ардагер қалды. Оларға тағзым, құрмет жан жақты көрсетілуде. Бұл жолы азаматтық қоғам өкілдері өз еріктерімен кезекті акцияны қолға алды.
«Жыл санап ардагерлердің қатары азайып келетіндіктен, бұл шара Отан қорғаушыларына деген жұрт назарын аудартуға мүмкіндік береді. Осы тақтайшаны көрген кез-келген азамат ардагерді құтыққтап немесе көмегін бере алады деп есептейміз, -дейді бастауыш партия ұйымы белсенділерінің бірі Назира Асанова.