• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қостанай облысында  30-дан астам элиталық бұқа сатылды 06.05.2014

 «Приречное-Агро» ЖШС директоры Мұрат Айтқожиновтың сөзінше, сатылымға шығарылған «Элита», «Элита рекорд» класты 55 асыл тұқымды бұқаның 32 сәтті сатылды. Сатылған бұқалардың бағасы - 1 килограмына 1000-нан 1500 теңгеге дейін.

Аукционға аудан әкімдері мен аудандық ауылшаруашылық және ветеринарлық бөлім жетекшілері, Ақтөбе, Қостанай облыстары шаруа қожалықтары, БАҚ өкілдері қатысты, деп «Казагромаркетинг» АҚ хабарлады.

Сонымен қатар аукцион барысында ауылшаруашылық техникасы мен құрал-жабдықтары көрмесі аясында техникалық жаңалықтар көрсетіліп, бірқатар іскерлік келіссөздер өткізілді.

Айта кетейік, «Казагромаркетинг» АҚ-ның миссиясы ауылшаруашылық тауарлары мен қызметтерін дамытудың нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

 


Back to the list