• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
СҚО-да керамикалық кірпіш өндіретін зауыт ашылады 06.05.2014

Зауыт 1-ші шілдеден бастап жұмысын бастайды, қазір аталмыш кәсіпкерліктің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Жобаның құны 328 млн теңгені құрады, 80 млн теңге өзіндік қаражат болса, 23 млн теңге қарызға алынған қаржы. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша, 14,5 млн теңге бөлінді.

Айта кетерлігі, аталмыш жоба бойынша 60 адам жұмыспен қамтылады, олардың 20-сы жұмыс істеуде. Мекеме жыл сайын 3,6 млн бірлік керамикалық кірпіш өндіруді жоспарлауда. 


Back to the list