• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан ипотекалық компаниясының Жарғы  капиталы 5,5 млрд теңгеге өсті 06.05.2014

Капиталдандыру «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйлер» бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» Бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекет бюджетінің қаражатынан жүргізілді.

«2014-2016 жылдардағы республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңымен және оған енгізілген өзгертулерді есепке ала отырып, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үйлерді сатып алу мен оның құрылысы үшін 2014 жылы «ҚИК» ИҰ» АҚ жарғы капиталын ұлғайтуға 14,2 млрд. теңге бөлу қарастырылды. 8,7 млрд.теңге  көлеміндегі сома ағымдағы жылдың қаңтарында Компанияның жарғы капиталын ұлғайтуға берілді», - деп компанияда хабарлады.

Компанияның жарғы капиталы түскен акцияларды есепке алғанда 55,5 млрд. теңгені құрады.

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы cатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламаны іске асыру аясында Алматы, Шымкент, Павлодар және Қарағанды қалаларында көп қабатты тұрғын үйлерді қаржыландыруды іске асырады.

Сонымен қатар Астана, Ақтөбе, Орал, Петропавл және  Қостанай қалаларындағы тұрғын үй құрылысына тапсырыс шарттары жасалынды.

 


Back to the list