• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қызылордада  ҰОС  ардагерлерінің  бейнесі салынған билбордтар  орнатылды 06.05.2014

Қаланың орталық Жібек жолы көшесінде батырлардың суреті мен аты-жөні жазылған насихаттық билбордтар орналастырылып, бүгінгі жас ұрпаққа таныстырылуда, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Айта кету керек, жалпы Қызылорда облысынан 20 Кеңес Одағының батыры, 1 «Даңқ» орденінің толық кавалері шыққан.

Қазір Қызылорда қаласы бойынша барлығы 54 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Оның 19-ы ҰОС мүгедегі, 35-і ҰОС қатысушылары.

Соғыс және еңбек ардагерлеріне әлеуметтік қолдаулар көрсетілуде. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен бір жолғы көмек ретінде барлығы 185,0 млн теңге бөлінді.Сондай-ақ, Жеңіс мерекесі қарсаңында қаладағы «Тағзым алаңы» қайта жаңғыртудан өтті.

 


Back to the list