• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қарағанды облысының  әкімі  Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады 05.05.2014

«Жеңіс күнінен кейінгі өткен жылдар сіздердің ерліктеріңізді одан сайын ұлықтай түседі. Бұл дегеніңіз Отан мен өмірге деген шексіз махаббат пен ерліктің үлгісі. Сіздер жаумен бетпе бет келіп қиын қыстау кездері елдің қамын жедіңіздер», - деді облыс әкімі ардагерлерге.

Өздеріңізге де белгілі, өткен жылы Курск маңындағы шайқастағы жеңістің 70 жылдығы атап өтілді. «Курск қақтығысына 70 жыл» медалімен Қарағанды облысынан 35 адам марапатталды. Соның 34-і бұрындары да аталмыш сыяпатқа кенелсе, 35-інші медальді Бауыржан Әбдішев соғысқа қатысқан жауынгер Камал Дүйсембековтың төсіне тақты.

Ардагерлерді қабылдау шарасы соңында оларға гүл мен құнды сыйлықтар таратылды.

Жалпы, Қарағанды облысында 454 Ұлы Отан соғысы ардагері мен мүгедегі өмір сүреді. Тағы 939 адам соларға теңестірілген болса, енді 19 694-і тыл ардагерлері.

Айта кету керек, мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне жалпы құны 320 млн теңге болатын бір реттік материалдық және әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. 

 

 

 

 


Back to the list