• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Нұр Отан»  Кеңес одағының   қазақстандық батырлары  туралы фильм түсіреді 05.05.2014

«Бүгінде осындай бейбітшілік заманында, еліміздегі ынтымақтастық аясында жастарға Отанды қорғаудың не екенін түсіндіру аса маңызды. Сіздерге, ардагерлерге деген құрметіміздің шынайы бейнесі еліміздегі бейбітшілік пен келісімді, тәуелсіздігімізді сақтап қалу.  Біз үшін бір-бірімізге жанашырлық, жоғары патриотизм, өзара түсіністік рухын қалыптастыру аса маңызды», - деді Б. Байбек.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары атап өткендей, аңыз адам, Кеңес одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов туралы  фильм Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналған жобаның бастамасы. Оның айтуынша, «бұл фильмнің көрсетілімі бірінші кезекте сол заманның көрінісі, сол кездегі ерліктің бет-бейнесі».

«Бүгінде біз «Нұр Отан» бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде жастардың соғыс ардагерлерімен кездескенін қалаймыз. Өкінішке орай, ортамызда небәрі 6 мың ардагер қалды. Оның үстіне, жастардың кинотуындылар арқылы сіздердің толарсақтан қан кешкен замандағы тәжіибелеріңізді білгені абзал. Біз олардың Кеңес одағының 528 батырының жауынгерлік ерлігін білгенін қалаймыз», - деді сөз соңында Б. Байбек.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясы тарапынан қолға алынған жоба аясында жастар ғаламторға өздерінің аталарының суреттері мен отбасылық суреттерін жариялап, көне көз қарттардың аузынан естіген оқиғаларды салады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының ұйымдастырған ардагерлерді ардақтау шарасы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов туралы «Аспанға көтерілу» атты фильмнің тұсаукесері өтті.  

 

 

 

 

 


Back to the list