• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада Кеңес одағының екі мәрте  батыры Талғат Бигелдинов туралы  фильмнің  тұсауы кесілді (ФОТО) 05.05.2014

Тарихи деректі фильм бір жыл бойы дайындалды. Онда Ұлы Отан Соғысына шақырылған 19 жасар жасөспірімнің өмірбаяны суреттелген.  1942 -1945 жылдар аралығында сұм соғыстың теперінішін көрген баланың қатал тағдыры ешкімді бейжай қалдырмайды.

Фашистер «қара өлім» деп лақап ат берген қазақтын қара домалақ баласы өзінің Ил-2 ұшағымен Кеңес ұшқыштарының алғашқыларының бірі болып Берлинді бомбылаған және Украина мен Кавказды немістердің бұғауынан шығарған.

Фильмнің негізіне әйгілі ұшқыш-шабуылдаушының 1966 жылдары «Илдіктер шабуылдауда» деген атпен шыққан ғұмырнамасы алынған. Ал, туындының авторы компьютерлік графика әдістерін пайдаланып, әуедегі ұшқыштардың жан алып жан беріскен сәтін шынайы өмірдегідей көрсете біліпті. Сонымен қатар, әуеде қоршауда қалған Талғат Бегелдиновтың ерең ерлігіде әсем суреттелген.

Жалпы, кино картинаның сценарийін ҚР мәдениет қайраткері Лаврентий Сон жазса, режиссер - қоюшы ретенде Ерген Тоқмурзин өз күшін салған.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан соғыс ардагерлері біздің Егемендігімізді өздерінің қанымен қорғап қалды деп айтып келеді. Егер, біз оларды әрқашан құметтеп ерліктерін еске алып жүретін болсақ болашағымызда жарқын болмақ. Біздің қасиетті парызымыз бейбіт және бірлігі қалыптасқан, ынтымақтастығыда өзіне жарасып тұрған елімізде өмір сүру үшін бабаларымыздың ерлігін мәңгілік  есте сақтау ",- деп Б.Байбек атап өтті.

Айта кетерлік жайт, "Әуеге көтерілу!" картинасы Астана арнасының эфирінен 9 күні  13:10-да  және Хабар арнасынан  17:15-те  көрсетіледі. 

 


Back to the list