05.05.2014
Форумға дайындық аясында қала, аудан және ауыл әкімдерінің қатысуымен селекторлық жиналыс өткізілді. Онда шараға дайындық туралы нақты тапсырмалар берілді. Бүгінде форумға қатысуға ниет танытқан жерлестердің тізімі жасақталған. Олардың ішінде Астана, Алматы, Павлодар, Көкшетау, Балхаштағы отандастырымыз және Ресей Федерациясының Мәскеу, Екатеринбург, Санкт-Петербург, Мытищи, Новосибирск, Красноярск, Тюмень мен Барнаул тұрғындары да бар.
Қазіргі таңда алыс шетелден - Қытай, Англия, Германия, АҚШ, Канада, Болгария, Иорданиядан жерлестерімізді шақыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен, форумды өткізу бойныша бағдарламаның жобасы жасақталып, қала және аудан әкімдері онымен таныстырылды. Сонымен қатар, оларға 13-14 маусымда Өскемен қаласында өтетін шараға негіздей отырып, қонақтарды аудандарды, ауылдарды, мектептерді аралату бойынша арнайы бағдарлама ұйымдастыру тапсырылды.